Қостанай облысында онкологиямен ауыратын науқас COVID-19-дан көз жұмды
Қостанай облысында Жітіқара қаласының тқрғыны 55 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды.
10:55 27.05.2020
Облыстың жедел штабының мәліметінше, 1965 жылғы Жітіқара қаласының тұрғыны бұрын вирус жұқтырған науқаспен бір кіреберісте тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелде бірінші дәрежелі сүт безінің қатерлі ісігі болған және ол онкологиялық диспансерде есепте тұрған. 23 мамырда тапсырған ПТР талдауы COVID-19-да оң нәтиже көрсетті. Қатерлі ісікке шалдыққан науқас рентгенографиядан өтіп, екі жақты полецементальды пневмонияны анықтады. Науқастың жағдайы нашарлады, температурасы көтерілді, жөтел, құсу, әлсіздік пайда болды. Әйел дереу Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Онда трахеальды интубация кезінде жағдайы күрт нашарлап, жүрек ұстамасы болды. 25 мамырда әйел көз жұмды. Еске салайық, COVID-19-дан Қостанай облысында 2 адам көз жұмды. Алғашқы марқұм Жітіқарадағы қарт кісі болды. Жалпы, облыста қазіргі уақытта коронавирустың 131 жағдайы тіркелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!