Полицейлердің жұмысын тексеретін мобильді топ құрылды
Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы топ күн сайын тәртіп сақшылардың жұмысын тексеруе шығады.
10:38 28.05.2020
Коменданттық полицей бекітіліп, патрульдік полиция бекеттерінің қызметін және көлік тәртібін тексереді. Қостанай облысы полиция департаменті бастығынң орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев агенттік тілшісіне мобильдік топтың жұмысы туралы берді.
«Полиция қызметкері заңдарды сақтауда ғана емес, сондай-ақ, сыртқы келбетін ретке келтіріп, мінез-құлқын жақсы жағынан көрсете білуі керек. Белгіленген талаптар бойынша тәртіп сақшылары маскалық режимді сақтауға, өзімен бірге қызметтік куәлігі мен жетонын алып жүруге міндетті. Патрульде өзімен бірге қызметке шыққан кезде жарамдылығы тексерілген бейнетіркегіші болуы тиіс. Мобильді топ полицейлердің заңнамалық тұрғыдағы білімін, физикалық дайындығын және жауынгерлік машықтарын тексереді. Барлық аумақтық полиция органдары тұрақты тексерулерден өтеді», — деді А.Ынтықбаев
Ардақ Ынтықбаев жұмыс барысындағы полиция қызметкерінің мақсат-міндетіне тоқталды. Айтуынша, тәртіп сақшысы құқық бұзушылықтың алдын алудан бастап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, кез келген қауіпті істе адал, бейтарап, батыл әрекет етуді ұстанады.
«Полиция азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауына, конституциялық құқықтарының сақталуына жауап береді. Балалармен, әйелдермен, мүмкіндігі шектеулі адамдармен және қариялармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады. Олардың өтініштері мен арыздарына шынайы және объективті қарауға, қажетті көмек, оның ішінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге дайын тұрады. Сондай-ақ, тәртіп сақшысы даулы жағдайларды шеше білуі керек», - деп түсіндірді полиция полковнигі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!