{metadescription}
Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы, жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы туралы баяндады. Айтуынша, дағдарыс пен карантин басталғалы бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.  

"Қор мен компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларға азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 1 миллиард доллар болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды", - деді Есімов. 

Ақорданың хабарлауынша, қор президенттің сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде