{metadescription}
Блок-бекеттегі оқиға: Күдікті полицей 4 күн бұрын жұмысынан кеткен 

Блок-бекеттегі оқиға: Күдікті полицей 4 күн бұрын жұмысынан кеткен 

Алматы полициясы блокпоста болған жол апатына айыпты, бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов туралы мәлімет таратты.

«Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған.

Жол апаты кезінде ол мас болған. Оны сот-наркологиялық сараптама көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды», - деді полицияның баспасөз қызметінен.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Күдікті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қайғылы оқиғадан соң ҚР ІІМ қалалық Полиция департаментінің 9 қызметкеріне қатысты жаза тағайындап, 3 қызметкер қызметінен шеттетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.