Елордада адвокат адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
20:20 09.06.2020
Егер сот оны кінәлі деп тапса, сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Елордалық адвокат Құмар Бердалин адам өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлер Құмар Бердалинді 3 маусымда ұстады.
Адвокат Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл бап сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп нақтылады полиция департаменті.
"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мәліметтері жария етілмейді", - делінген хабарламада.
2016 жылы жарияланған материалдарға қарағанда Бердалин бұған дейін бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі болған.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!