Бұрынғы премьер-министр 18 жылға сотталды
Бішкектің Первомайский аудандық сотында Бішкектегі Тарихи музей мен Шолпан-Ата қаласындағы ипподромды қайта құруға қатысты кезекті сот отырысы өтті.
09:35 10.06.2020
Сот Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовты ҚК-нің 319-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол 247 млн 650 мың сом көлеміндегі шығынды өтеуі керек.
Қылмыстық істің екінші мүшесі президент аппаратының азаматтық даму, діни және этникалық саясат бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Мира Карыбаева ҚР ҚК 320-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 260 мың сом көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Свердловский аудандық соты бұрынғы премьер-министр, сол кезде ҚР Президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болған Сапар Исаковты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Ол дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік марапаттарынан айырылды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!