{metadescription}
Шымкентте тойханалар қашаннан бастап ашылатынын айтты

Шымкентте тойханалар қашаннан бастап ашылатынын айтты

Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаевтың қатысуымен өткен жиында тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды.

«Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22 маусымнан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз», - деді қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Дереккөз: otyrar.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде