Жылыойда коронавирустан төртінші адам көз жұмды
Атырау облысында коронавирустан Жылыой ауданының 48 жастағы тұрғыны қайтыс болды.
15:41 16.06.2020
Бұл –қауіпті індеттен көз жұмған төртінші адам. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1972 жылы туған науқас 15 маусымда көз жұмған. Ол 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген. Оған КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің 50%-ның қабынуы анықталған.
«Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына жатқызылып, көмек көрсетілді. Облыстық аурухананың дәрігерлерімен кеңесе отырып, жасанды өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Алайда, дәрігерлер тарапынан жасалған көмекке қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Науқас бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!