{metadescription}
ҰБТ-да талапкерлерді қалай тексереді

ҰБТ-да талапкерлерді қалай тексереді

20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты 10 минутқа ұзартылды.

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы ҰБТ кезінде талапкерлерді тексерістен өткізуге қатысты видео жариялады. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде күшейтілген санитарлық шаралар қолға алынады. Атап айтқанда, барлық талапкер дезинфекциялық түнелден өтеді, одан кейін аяқ киім мен қолды дезинфекциялау қажет. Әрбір тестілеу пунктінде дәрігерлер тест тапсыратын жастардың дене қызуын өлшейді. Температура анықталса, жедел жәрдем шақырылады. Барлық тексерістен кейін респиратор немесе бір реттік бетперде беріледі.

Талапкер ұялы телефонды тапсырып, металл іздегіштен өтеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, тыйым салынған заттар анықталса, талапкер тест тапсыруға жіберілмейді. Ал ҰБТ-дан кейін барлық бейнежазба зерделенеді. Сол кезде тыйым салынған заттарды қолдану әрекеттері анықталса, тесттің нәтижесі жойылады. Грантты да алып қояды.

Айта кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Биыл тесттің уақыты 10 минутқа ұзартылды. Әрбір аудиторияда калькулятор болады. Ал талапкерлердің арасында коронавирус жұқтырғандар анықталса, ондай адамдар бөлек аудиторияда тест тапсырады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде