{metadescription}
Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты

Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты

Динагүл Баешева карантин жеңілдетілгеннен кейін халық арқаны кеңге салып, сақтық шараларын ұмытып кеткенін атап өтті.

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Арасында симптомсыз науқас көп. Белгілі инфекционист дәрігер Динагүл Баешеваның айтуынша, дәл қазір қауіпті кезең басталды. Себебі карантин жеңілдетілгеннен кейін халық арқаны кеңге салып, сақтық шараларын ұмытқан. Ауру белгілері білінбейтін науқастар жан-жағына жұқтырып жүр. Әсіресе отбасы мүшелері арасында жұқтыру дерегі көп.

Маманның сөзінше, адам індет жұқтырғанын ұзақ уақытқа дейін сезбеуі мүмкін. Ал ол кезде вирус өкпені зақымдап, ауру әбден асқынып кетеді. Және осы вирустан туындайтын пневмония басқа түрлерінен өзгеше. Елімізде COVID-19-ды емдеуге антиретровирустық препараттар қолданылады. Жалпы дәрігер қазір сақтық шараларын күшейту керек дейді.

"Қазір жағдайы нашарлаған, жұқтырған, қайтыс болған адамдардың саны артты. Себебі төтенше жағдайды алып тастадық. Содан кейін, карантин шарттары бәсеңдей бастады. Оның үстіне кейбіреулер індетке немқұрайлы қарайды, вирус жоқ деп ойлайды", - дейді инфеционист дәрігер Динагүл Баешева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде