{metadescription}
Өскеменде төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Өскеменде төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Өскеменде төрт жасар бала 5 қабаттағы терезеден құлап кетті.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 15.47-де Добролюбов көшесінде орын алған. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылғы бүлдіршін 5 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.

«Бірнеше жерден жарақаттанған бала ауыр халде ауруханаға түсті. Бұл Өскеменде балалардың терезеден құлауының екінші жағдайы. Ал жалпы облыс бойынша осындай 4 факті тіркелді. Барлық оқиғаның себеп-салдары бірдей – бүлдіршінді үйде жалғыз тастап кетіп терезені ашық қалдыру», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын жіті түсіндіріп жатса да, тұрғындар арасында балаларын қараусыз қалдырып кететіндер әлі де баршылық. Осы ретте, ТЖД ата-аналарға барынша абай болып, баланы бір минутқа да жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді. Терезеге темір тор орнатып, жиһазды мейлінше терезеден алыс қойған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде