{metadescription}
Батыс Қазақстанда оқушыны ұрған мектеп директорына айыппұл салынды

Батыс Қазақстанда оқушыны ұрған мектеп директорына айыппұл салынды

Мұғалімдердің бірі оқушының тәртібіне шағымданып, директордың кабинетіне алып келген, содан кейін мектеп директоры жасөспірімді бірнеше рет ұрған.

Батыс Қазақстан облысында аудандық мектептердің бірінің директоры оқушыны ұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Қылмыстық кодексінің140-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерін тиісті деңгейде орындамау, кәмелетке толмаған балаға қатыгездік таныту) бойынша мектеп директорын кінәлі деп таныды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

"Жанжал мектеп директорының қабылдау бөлмесінде болғаны анықталды. Сол жерге М. есімді 11-сынып оқушысын тәртібіне байланысты кезекші мұғалім шақырған. А. есімді мектеп директоры мұғалімнің көзінше кәмелетке толмаған баланың бетіне және денесіне бірнеше соққы жасап, жеңіл дене жарақатын келтірген", - делінген хабарламада.

Сот кінәлі тұлғаның бірінші рет қылмыстық әрекет жасағанын ескеріп, 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 222 240 теңге айыппұл салды, сондай-ақ ол 2 жыл ішінде педогогикалық қызмет және кәмелетке толмағандармен байланысты жұмыстарды атқара алмайды. Сот осындай қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу және профилактика мақсатында Батыс Қазақстан облысы білім беру жүйесінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін білім басқармасы басшысының атына жеке қаулы шығарды.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде