Атырауда екі жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетті
Атырау қаласында екі жасар бала көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден құлап кетті.
10:05 17.06.2020
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден екі жасар бала құлаған.
«16 маусымда сағат 19:40-да Атырау қаласының Береке ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден 2018 жылы туған екі жасар бала құлап кетті. Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!