Алакөлге ұшақ бағасы қанша тұрады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөлдің Шығыс Қазақстан және Алматы облысындағы жағалауларына ұшақ қатынасы туралы айтты.
11:07 17.06.2020
Мәліметке сәйкес Алакөлге туристік рейстердің барлығы субсидияланады. Билет бағасы 10 - 16 мың теңге аралығында. Алматы облысына «SCAT» әуе компаниясы» АҚ, Шығыс Қазақстан облысына «Оңтүстік аспан» АҚ қатынайды. Атап айтқанда, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ рейстерді сыйымдылығы 50 адамдық «Bombardier CRJ200» типті әуе кемесімен орындайды:
- Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағытында биылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
- Алматы - Үшарал - Алматы бағытында 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны 10 000 теңге.
Ал «Оңтүстік аспан» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық «АН-24» ұшағымен келесі рейстерді орындайды:
- Алматы – Үржар - Алматы бағытында биылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 14 000 теңге.
- Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
««SCAT» әуе компаниясы» АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда.
Сондай–ақ, Министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы– Жезқазған-Алматы, Нұр–Сұлтан – Балқаш - Нұр-Сұлтан, Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!