Қостанайда ер адам 12 жасар баланы ұрып тастады
"Алау" агенттігінің мәліметінше, оқиға туралы баланың анасы Instagram-дағы парақшасында жазды.
12:40 17.06.2020
Күдікті ұсталған. Оның сөзіне қарағанда, мұндай агрессияның себебі - қоқыс жәшігінде жатқан, бірақ жел ұшырып, үйге әкелген қағаз.
"16 маусымда көрші, ересек адам мас күйінде менің 12 жасар ұлымды ұрып жіберді. Себеп? Қоғамдық қоқыс жәшігіне лақтырыл, мекен-жайым және фамилиям жазылған қағаз, оны жел ұшырып, үйге алып келген. Онда біздің көршіміз аула тазааушы болып жұмыс істейді. Балалар үйде жалғыс болған, көрш есікті қаққан, олар ашқан.
Ол Ярославты пәтерден көшеге сүйреп шығып, ұра бастаған. Көршіміз араласып, құтқарып қалды. Полицияны шақырдық, ол оларға ұмтылып, агрессия, орынсыз әрекет және заң бұзушылық көрсетті. Ол менің балама да осылай жасады. Кәмелетке толмаған адамға шабуыл жасау, ұрып-соғу, дене жарақатын салу. Жедел жәрдем қолмен қаап шығып, ауыр зақым жоқ, яғни ауруханаға жатқызу қажет емес екенін айтты. Факт, ересек адам балаға шабуыл жасады. Үш сағаттан кейін ол босатылды. Енді ол біздің отбасымызға қауіп төндіреді", - деді әйел.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады6 деп жазады stan.kz.
"Ер адамды полиция қызметкерлері полицияның тірек пунктіне апарып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлімі бойынша материалдар жиналып, содан кейін ол медициналық айықтырғышқа орналастырылды, одан үйге жіберілді. Баланың денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша материал сотқа жіберіледі. Бұдан басқа, тәртіп бұзушының полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына кедергі жасау бөлігіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деді органда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!