Елімізде халықаралық рейстер қайта ашылады
20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан Түркияға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылады.
15:42 17.06.2020
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан Түркияға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылады.
Қазіргі уақытта қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар халықаралық рейстердің кестесін алдын ала қалыптастырды, рейстер әуекомпаниялардың сайттарында ресми жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Бұл ретте рейстер кестесін әуе компаниялары түзетуі мүмкін дейді.
"Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының тарапынан шектеу шараларына байланысты қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың кестесі қарастырылып жатқаны айтылады.
Рейстер Қазақстан мен шет мемлекеттер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің шаралары күшейтілген жағдайда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ҚР Көліктегі Бас санитар дәрігер осы елдердегі жағдайды қадағалайтынын және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтеміз", - деді ведомство өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!