Алматы облысында шектеу шаралары күшейтілді
Алматы облысының аумағында карантиндік шаралар күшейтілді.
09:37 25.06.2020
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Алматы облысында тағы да карантиндік шектеу шаралары енгізілетіні туралы айтып берді.
"Жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады", - дейді ол.
Сонымен қатар, стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады дейді ол.
"МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады. ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа өтеді", - дейді Қайрат Баймұхамбетов.
Оған қоса онлайн-формат көзделмеген қызметтерді көрсету алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!