{metadescription}
Жезқазғанда 13 жастағы бала қарындасын құтқарам деп суға батып кетті

Жезқазғанда 13 жастағы бала қарындасын құтқарам деп суға батып кетті

Жезқазғанда 2006 жылы туған бала қарындасын құтқармақ болып суға батып кетті.

Жезқазғанның шетінде 3 метр тереңдікте шұңқырда апат болғандығы хабарланды.

"2006 жылы туған бала абайсызда суға құлап кеткен 2007 жылы туған қарындасын құтқару кезінде өзі суға батып кетті. Қызды жолаушы адам құтқарып қалды, іздестіру кезінде құтқарушылар баланың денесін алып кетті", - деді комитет өкілдері.

24 маусымда, Қазақстанда төрт адам суға батып кетті. Жамбыл облысы Байзақ ауданында  "Vita fruit" ЖШС аумағында 2001 жылы туған жігіт жасанды тоғанға шомылу кезінде батып кетті. Мәйітті осы компанияның қызметкерлері тапты. Ақмола облысында қызды құтқарман болған ер адам суға батып кетті.

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында бір топ жастар катамаранмен жүзу үшін жабдықталмаған жерге бет алды. Олар суға бата бастады. 2001 жылы туған жігіт суға батты. Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде құтқарушылар оның денесін тапты. Қазақстанда жыл басынан бері 62 адам суға кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде