Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
18:15 25.06.2020
Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресейде дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді.
Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!