{metadescription}
Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды.

Полиция мен еріктілер 19 жастағы Анастасия Ромасюнді 19 маусымнан бері іздестіріпті.

"Учаскелік полиция инспекторы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Анастасияның денесінде соққының белгілері бар, алайда зорлау белгілері байқалмағанын айтты", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Оқиға бойынша тергеу басталды. Өзін-өзі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"105-баптың бірінші бөлігі бойынша (өзін-өзі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Тергеу жүріп жатыр", - деді Пинчук.

2000 жылы туған Анастасия Ромасюн 18 маусымда түстен кейін жоғалып кеткен. Оның гүл сататын дүкенде жұмыс істегені белгілі болған. Түнгі сағат үш шамасында қыз жұмыс орнында болған, онда әріптестерімен жанжал орын алған. Осыдан кейін Настя заттарын жинап, кетіп қалады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде