{metadescription}
Орманға баруға уақытша тыйым салынды

Орманға баруға уақытша тыйым салынды

Тыйым салу мен шектеу шаралары Беларусьтің 36 ауданында қойылған.

Мұндай ақпарат Орман шаруашылығы министрлігі сайтында жарияланды. Беларусь мемлекеті, Гомель облысы Ветков ауданында уақытша орманға баруға тыйым салынды. Гродненск облысы, Минсктің 15 ауданы (Логойский, Борисовский, Червенский, Пуховичский, Копыльский, Мядельский және Воложинский-ден басқа), сонымен қатар Гомель облысының Октябрьский, Речицкий және Мозырский аудандарында орманға баруға шектеу қойылды. Шектеу шаралары уақытша және ормандағы өрт қаупі тұрақталғаннан кейін алынады.

Орман шаруашылығы министрлігінің сайтында тыйым мен шектеудің интерактивті картасы жарияланды. Сол арқылы қай аудандарда орманға баруға уақытша тыйым салынғанын жедел көруге болады. Орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын немесе шектеу ережелерін бұзғандар әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 15-бабына сәйкес ескерту алады немесе 25 базалық көлем (1 БК - Br27) шамасында айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.