{metadescription}
Батыс Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

Батыс Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

Батыс Қазақстан облысында 29 маусым күні найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша өңірдің кей жерлерінде ертең сондай-ақ солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында да найзағай жарқылдайды. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралардың қолға алынып жатқанын хабарлады.

Оралда бүгін бұршақ аралас жаңбыр құйып, найзағай ойнап, күн күркіреді. Бұдан бұрын Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланған.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде