Ақтөбеде коронавирус жұқтырған жүкті әйел пневмониядан көз жұмды
Ақтөбеде коронавирус жұқтыран жүкті әйел пневмониядан дем жетпей көз жұмды.
16:06 29.06.2020
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Әсет Қалиев мәлім етті.
"Кеше жұқпалы аурулар ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды. Коронавирустық инфекция аясында оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Науқастың тыныс алуы қиындап, ол көз жұмды", - деп түсіндірді А. Қалиев.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта облыс ауруханасында пневмониямен ауыратын 1000-ға жуық адам жатыр. 27 адам реанимацияда, оның 10-ы механикалық желдету құрылғыларына қосылған. Айдың басынан бері 47 адам пневмониядан қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!