{metadescription}
Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Президент

Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Президент

Мемлекет басшысы коронавируспен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда», - деді Президент.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы шаралар туралы кеңес өткізетінін хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде