{metadescription}
Министр коронавируспен күресу бойынша 10 шара ұсынды

Министр коронавируспен күресу бойынша 10 шара ұсынды

Қазақстанның жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы күреске бағытталған 10 шараны ұсынды. 

Цойдың сөзінше, бұған дейін дер кезінде атқаралыған жұмыстардың арқасында аурудың бұдан әрі өршіп кетпеген. 

"Маңызды жайттардың бірі Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда індеттен көз жұму көрсеткіші әлдеқайда төмен. Десек те тұрғындар арасында эпидемиялогиялық қауіпсіздікті ескеру, әлеуметтік қашықтықты сақтау сынды дағдылар қалыптаспаған. Ал карантин шараларын бәсеңдеткеннен кейін коронавирустың таралу деңгейі ел ішінде арта түсті", - дейді министр. 

Министрдің айтуынша, COVID-19-ға қарсы нұсқаулықтар мен әдістердің жиі өзгеруі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігін тудырған. Сол себепті азаматтар аурудың алдын алу үшін жаппай дәрі-дәрмектер сатып алмақшы болып, дәріханаларды торуылдауда. Цой коронавирусқа қарсы күрестің тәсілдерін өзгерту керек екенін алға тартты. 

"Министрлік тарапы қазіргі таңда орын алған ахуал - халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының күрт өсуі сараптауда. Соның салдарынан елімізде жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға үлгере алмай, ауруханаларда орын мен дәріханаларда препараттардың жетіспеушілігі байқалуда.

Тұрғындар да, дәрігерлер қатты алаңдаулы, себебі пандемия аяқталуының шартты мерзімі жоқ. Алдағы уақытта халықпен ашық байланысты қаматамасыз ете отырып, бірқатар кешенді шараларды атқаруды ұсынамын", - деді Цой. 

Министр халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін мынадай бастапқы 10 шара ұсынды:

  1. амбулаториялық деңгейдегі инфекцияның емделуінің түсіндіретін қарапайым әрі ұғымды нұсқаулықтар әзірлеу;
  2. дәрі-дәрмектердің сатып алынуы мен тасымалдануын жылдамдату, отандық өндірушілерді қолдау;
  3. компьютерлік томографиямен бірге COVID-19-ды анықтайтын сандық рентген аппараттарының қолданысын кеңейтіп, олардың қолжетімділігін арттыру;
  4. тестілеуді жүргізетін зертханалардың қуаттылығын көбейту, тесттердің уақытылы келуіне жағдай жасау; 
  5. шақыртулар кезінде мобильді бригадалардың тесттермен қамтамасыз етілуі;
  6. үйлеріне жедел жәрдем шақыртқан науқастарды қауіпсіз түрде емдеу;
  7. амбулаториялық деңгейде қашықтан кеңес беру жүйесін енгізу;
  8. станционарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз ету; 
  9. жерлеу талаптарын өзгерту; 
  10. халық арасында эпидемиялогиялық сақтық шараларын арттыру. 

"Әлеуметтік деңгейде қоғамдық және жұмыс бейімділігін қалыптастыруға бағытталған ұжымдық жауапкершілікті арттыру, ақпараттық технологиялардың ықпалын көбейту үшін жаңа шаралар қабылданады", - деп қосты министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде