{metadescription}
Парламент депутаттары демалысқа кетті

Парламент депутаттары демалысқа кетті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда алтыншы сайланған Парламенттің бесінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Соған орай, депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады. Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, сондай-ақ міндеттерді шешу тұрғысында да өте ауқымды болды.

Атап айтқанда, өткен сессия барысында палаталардың бірлескен 3 отырысы өтті. Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе қозғалды. Бесінші сессия кезінде қос палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды. Парламент қабылдаған заңдардың 86-сына Мемлекет басшысы қол қойып, олар заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде