{metadescription}
Ресей Қазақстанға коронавируспен күресте көмектеспекші

Ресей Қазақстанға коронавируспен күресте көмектеспекші

Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Әңгіме барысында COVID-19 таралуына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмектер мен шығыс материалдары бар тест-жүйелер түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ инфекциялық госпитальдар мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды жіберуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде