Павлодарда ұшаққа найзағай түсті
Павлодардан Алматыға ұшар алдында FlyArystan ұшағына найзағай түсті. Жолаушылар басқа бортпен Алматыға аттанды.
12:20 05.07.2020
"Инженерлер шын мәнінде найзағай түскенін растады. Ұшақ Павлодарда қалады, техникалық тексерістен өтеді. Ол жерге арнайы инженерлер жіберілді", - деп түсіндірді FlyArystan авиакомпаниясының баспасөз қызметі.
Техникалық регламентке сәйкес, инженерлік тексеруден өту керек, деді ол. Ұшақ толығымен жөндеу жұмыстарына жіберілді. Қарағанды облысында найзағайдың кесірінен 70-ке жуық жылқы қырылды. 4 шілдеде 18.55-те 133 жолаушы Павлодардан Алматыға уақытында ұшып кете алмады. Олар елордадан басқа бортқа жіберілді, сондықтан рейс төрт сағатқа кешіктірілді. Әуежайда жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!