Бұған жол беруге болмайды: Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтты.
16:07 05.07.2020
Қазақстан президенті үкімет мен құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттауға байланысты туындаған мәселені реттеуді тапсырды.
"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Елдегі дәріханаларда біраз уақыттан бері коронавирус пен респираторлы ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмекті сатып алу қиындады. Парацетамол мен антибиотиктер дәріхана сөрелерінде мүлдем жоқ деуге болады. Қажетті дәрі-дәрмектің бағасы артты. Пандемия басталған кезде бетперде де қымбаттаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!