Алматы тұрғыны карантин кезінде ауласында той жасаған
Алматыда 30 шақты қонақ шақырып, үйінің ауласына той жасаған тұрғын жауапкершілікке тартылды.
11:53 06.07.2020
Салтанатты шара қаланың Наурызбай ауданында болған.
«Той тез арада тарқады. Үй иелеріне жағдай түсіндіріліп, тиісті нұсқау берілді», - деп мәлім етті қала әкімдігі.
Мониторинг тобы мен полицейлер той жасаған үйге арнайы бас сұққан.
«Түсінгеніміз, неке қиятын бөлім үй иелеріне дұрыс түсіндірмеген. Яғни, өз туыстарыңыздың арасында 30 адамға дейін тойлап, атап өтуге болады деп айтқан. Біз қазір «Ақжар» шағынауданында той болған үйдің жанында тұрмыз», - деп хабарлады Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!