Автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды
Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысындағы Аньшунь қаласында автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды.
14:41 08.07.2020
Оқиға сейсенбі күні түстен кейін болған. Автобус қоршауға соғылып, Хуншань көліне құлап кеткен. Аньшунь қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі муниципалдық басқарманың хабарлауынша, құлаған автобустан 37 адам шығарылған. Автобус жүргізушісін қоса алғанда, олардың 20-сы мерт болған.
Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. 16 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, автобус көлден шығарылды. 1 100-ден астам құтқарушы жоғалған жолаушыларды әлі де іздестіруде. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!