Коронавирусты емдей алатын жалғыз дәрі аталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан коронавирусты емдеуі мүмкін жалғыз дәріні атады.
15:49 08.07.2020
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы препараттарды сынауда тек "Ремдесивир" жақсы нәтиже көрсеткен. Ол аталмыш дәрінің арқасында ауруханаға түсіп жатан адамдардың санының азайғанын атап өтті, алайда дәрі өлімнен құтқарып қала алмайды дейді Сумия.
Бұған дейін Еуропалық комиссия "Ремдесивирды" Еуропалық Одақта сатуға рұқсат берген болатын. Комиссия дәрі-дәрмекті Еуропада "бірқатар шарттарға сәйкес" сатуға рұқсат берді, бірақ олардың шарты әлі жарияланбады. Бұл ЕО-да бекітілген алғашқы коронавирусқа қарсы препарат екендігі атап өтілді.
"Ремдесивир" АҚШ-та коронавирусты емдеуге 1 мамырда бекітілген. Бұрын ол Эболамен күрес аясында әзірленді, бірақ кейін оның тиімділігі дәлелденбеді. Кейін ол SARS және MERS инфекциясын емдеуде өз тиімділігін көрсетті. Алайда, COVID-19 пневмониясын емдеуде ремдесивирдің тиімділігі туралы зерттеулер әлі де жалғасуда. Препарат вирусқа қарсы тұру үшін әлі де пайдалы болуы мүмкін екендігі атап өтілді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!