{metadescription}
Павлодар облысында 5 жасар қызын құтқармақ болған ер адам суға кетті

Павлодар облысында 5 жасар қызын құтқармақ болған ер адам суға кетті

Құтқарушылар келгенге дейін куәгерлер ер адамның денесін жағаға алып шыққан.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн режимде өткізген баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов айтты.

«Кеше, 15 шілде күні Ақсу қаласында шағын ауданда Набережный көшесі, 45 мекенжайы бойынша хабарлама келіп түскен. Қайғылы жағдай шомылуға арналмаған орында тіркелген. Ер адам 2015 жылы туған қызын құтқармақ болған», - дейді Ернұр Өтегенов.

2019 жылдың ұқсас кезеңінде 9 адам көз жұмған. Оның біреуі - бала. Биыл шомылу кезінде көз жұмған адамдардың барлығы - ересектер.

«Департамент бастығының айтуынша, өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 5 шілдеден бастап жағажайлардың жұмысына тыйым салынған. Алайда 1 маусымнан бастап аймақта үш адам батып кетті. 13 шілде күні Ақсуда тағы бір қайғылы жағдай тіркелгені белгілі. Қыз бала достарымен демалып жатқан орында суға кеткен. Санитарлық жағдайға байланысты тұрғындардың арасында күнделікті рейд жүргізіліп тұрады және суға түсудің қауіп-қатері ескертіледі. Өкінішке орай, осындай қайғылы жағдайлар орын алуда», - дейді Ернұр Өтегенов.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.