Талдықорғанда 8 жасар баланы өгей әкесі өлімші етіп сабаған
Талдықорғанда 8 жасар баланы ұрған өгей әке 10 жылға сотталды.
20:25 16.07.2020
Істі қараған Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты осындай үкім шығарды.
«ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 3,4,11 тармақшалары бойынша айыпталған Денис Гревцевті 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты» делінген Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сондай-ақ сот баланың өмірін сақтап қалған Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерін мадақтау жөнінде шешім шығарды. Себебі дәрігерлер баланың өмірін аман алып қ алу үшін бір ай бойы арпалысқан.
Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар баланың өгей әкесі баланы ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз сепкен. Жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққанын баланың анасы Нина Шелипова айтып бергенін хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!