{metadescription}
Шыңжанда соңғы 5 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Шыңжанда соңғы 5 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында бір адам коронавирус жұқтырды, тағы үш адамнан індеттің симптомсыз түрі табылды.

Науқас - автономиялық ауданның астанасы Үрімші қаласының Тянь-Шан ауданында тұратын 24 жастағы әйел. Ол 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Сәрсенбіде оның COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Шыңжанда соңғы 145 күн бойы бір де бір адам коронавирус жұқтырмаған.

Еске сала кетейік, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында COVID-19 инфекциясына шалдыққан алғашқы сырқат 23 қаңтарда тіркелген. Жалпы, аймақта 76 адамнан індет табылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде