{metadescription}
Ғалымдар коронавирустың ауыр формасына тән негізгі белгіні атады

Ғалымдар коронавирустың ауыр формасына тән негізгі белгіні атады

Француз ғалымдары COVID-19 коронавирусының ауыр түрі бар науқастарға тән симптомды анықтады -  күшейтілген қабыну мен интерферонның жетіспеушілігі. 

Зерттеу нәтижелері Science журналында жарияланды. Жұмыс барысында ғылыми қызметкерлер 50 пациентті зерттеді, оларда ауру әртүрлі симптомдармен бірге жүрді: жеңіл жөтелден тыныс алу жеткіліксіздігіне дейін, соның салдарынан өкпені жасанды желдету аппараттарына (ӨЖЖ) қосылды.

Биоматериалдарды талдай отырып, зерттеушілер COVID-19-дың ауыр түрі бар барлық науқаста ағзадан вирустармен күресу үшін бөлінетін I типті интерферон жетіспеді деген қорытындыға келді. Оның өндірісі коронавирустық инфекцияның дамуын баяулатады. Зерттеушілер ақуыздың бұл түрі науқастарды емдеуде шешуші рөл атқарады деп қорытты.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде