{metadescription}
СҚО-да бірін-бірі құтқармақ болған үш бозбала суға кетті

СҚО-да бірін-бірі құтқармақ болған үш бозбала суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында үш бозбала Есіл өзеніне батып кетті. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше сағат 15.30 шамасында болды. Шал ақын ауданы Жаңажол ауылының маңында алты бозбала Есіл өзенін кешіп өткен. Ол жерде өзеннің ені 50-60 метр, тереңдігі 1,5 метр болған. Ал кейін қайтқан кезде соңғы келе жатқан 1996 жылы туған жігіттің аяғының сіңірі тартылып, ағыс оны төмен алып кеткен. Жігіт жүзу білмеген. Достарының батып бара жатқанын көрген 2001 және 2002 жылы туған екі бозбала оған көмекке ұмтылған. Алайда олар да дұрыс жүзе алмайды екен. Үшеуі де суға ағып кеткен. 

«Аудандық құтқарушылар, полиция қызметкерлері, облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетті. Қаза тапқандарды іздестіруге ауыл тұрғындары да көмектесті. Барлығы 32 адам, 3 техника және 3 қайық жұмылдырылды. Қаза болғандардың денелері тек екінші күні 17 шілдеде сағат таңғы 8.29 минутта табылды», - деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков. 

Суға түсу маусымы басталғалы өңірде 11 адам мерт болды. Оның алтауы суға шомылу барысында, біреуі құтқару кезінде, біреуі балық аулап жүріп және үш адам су айдынын кесіп өту барысында қаза тапты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде