{metadescription}
42 500 теңге әлеуметтік төлемі кімдерге беріледі?

42 500 теңге әлеуметтік төлемі кімдерге беріледі?

Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдайды. 

Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр. 42 500 теңге осыған дейінгі төтенше жағдайда кезіндегі қағидаттармен төленеді.

Осы жолы төлем кімге төленеді, мұқтаж адамдар кім?

Бұл жолғы 42 500 теңге әлеуметтік төлемі өткенде төтенше жағдайдағы қағидаттармен төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі.

Олар:

  • жалдамалы қызметкерлер;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар;

Төлем бір айға қарастырылып отыр.

42 500 теңге төлеу қалай жүзеге асырылады?

42 500 теңге жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырады. Ол – 1 миллионнан астам адам.

42500.enbek.kz порталы қайта жұмысын бастайды.

Шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.

«Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Оған қосымша Каспи банк пен Халық банк те біздің портал секілді интернет-ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдауға ниет білдірді. Оны да іске асырсақ, сіздерге ол туралы бейсенбі күні жария етеміз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Өзін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлей ме?

Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өткен жылы 42 500 теңге алу үшін барлығы бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы ондай БЖТ төлеудің қажеттілігі болмайды. Ондай талап қойылмайды. Өткенде төледіңіз, сол жеткілікті, Ол мәліметтер бар. Сондықтан бұл жолы тек өтініш бересіз.

Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ. Ал енді төтенше жағдай кезінде бір рет төлем жасағандарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйе арқылы тексеріп алады.

Бұл ретте аталған санаттағы азаматтардың Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы, зейнетақы, жәрдемақылар алуы тексеріледі.

Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма?

Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүріп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер анықталды.

Жеке кәсіпкерлер де өткен жолғыдай өтініш беруі керек. Олардан да министрлік міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарна төленгенін талап етпейді. Көп кәсіпкерлер жылына бір мәрте төлейді. Біреулерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан ондай талап қойылмайды. Дегенмен, бір ғана тексеріс болады. Аудан, қаладағы штабтар, «Атамекен» өкілдері сол кәсіпкердің жұмысы шектеуге қатысты тоқтағанын, не тоқтамағанын министрліктің жүйесіне  кіріп, белгілейді.

Салық органдары да жеке кәсіпкердің жұмыс істеп жатқандығын немесе шектеуге байланысты тоқтап тұрғанын растайтын болады.

Өткен жолы 42 500 теңге төлегенде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер әлеуметтік төлем алған. Бірақ, салық органдарының мәліметі бойынша жұмысы тоқтамағаны анықталған. Сондықтан оларға екінші айға төлем берілмеген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде