{metadescription}
Алматыда 42500 теңгені алудың тәртіптері түсіндірілді

Алматыда 42500 теңгені алудың тәртіптері түсіндірілді

Бүгін Алматыда онлайн брифинг барысында қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы 42500 теңге алудың тәртібін түсіндірді.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер жұмыскерлерінің мына құжаттарын енгізуі керек:

- жалақысы сақталмаған демалысқа кеткен жұмыскерлер тізімі (Аты-жөні, ЖСН, демалыстың басталған уақыты, шоттары (банк, шот нөмірі, жұмыскердің телефон нөмірі). Жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жинақтық төлем төлейтін тұлғалар:

- өтініш, Аты-жөні, ЖСН, банк, банк шоты, мекенжайы, телефон, е-майл көрсетуі тиіс. Өтініште міндетті түрде телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

«Жұмыс беруші осы талаптарды орындамаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясына шағымдана алады. Азаматтар 1 қыркүйекке дейін өтінім бере алады.

Өтініштерді

1) «Электронды үкімет» веб порталы

2) Enbek.kz порталы;

3) telegram-bot, 42500.enbek.kz порталының aitu-bot арқылы;

4) ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы;

5) бірыңғай жинақтық төлем төлейтін жекетұлғаларға проактивті форматта өткізуге болады.

Жұмысы жоқ азаматтарға Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады», - деді Д.Әлкебайұлы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде