Министр пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады
КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктірілетінін айтқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын жария етті.
16:49 17.07.2020
"Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)", - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ол аталған мәлімет пневмонияның барлық түрімен сырқаттанғандарға қатысты екенін атап өтті. Олардың ішінде әртүрлі қоздырғыштардан туындаған бактериялық - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клепсиел және басқа да көптеген бактерия мен саңырауқұлақтар.
Сондай-ақ, статистикаға нақтыланған қоздырғышы бар - аденовирус, риновирус, сондай-ақ парагрип және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туындаған пневмониялар енгізілген. Статистикада қоздырғышы анықталмаған пневмония жағдайлары да бар, бұл ретте COVID-ке ұқсас пневмониялар да кіреді.
"Бірінші жартыжылдықта пневмониядан болатын өлім-жітім деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңімен бірдей болды, бірақ маусымның соңында өсу үрдісі байқалды. Осы кезеңдегі барлық дерлік өлім - карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде тіркелген жағдайлар", - деп нақтылады Цой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!