{metadescription}
Қазақстандағы коронавирус жағдайы жақсарып келеді – ДДСҰ өкілі

Қазақстандағы коронавирус жағдайы жақсарып келеді – ДДСҰ өкілі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстанда коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Ницзан айтып берді. Оның сөзінше, статистиканы классификациялау жағдайдың нашарлағанын білдірмейді. Бұл тек емдеу шараларын жақсарту үшін жасалуда. 

"Қазақстандағы коронавирус жағдайы біздің кеңесте алынған мәліметтерге қарағанда жақсарып келеді. Соңғы екі аптада жағдайдың үштен бірі тіркелген болса да, құлдырау байқалады. Мемлекет санитарлық шаралар қолданып жатыр. Сондай-ақ науқастарды тестілеу мен емдеу, инфекцияны бақылау шарасын жақсартып жатыр. Әсіресе Қазақстан пневмония анықталмаған науқастарды тестілеуден өткізуге келісті. Біз мұны барлық елде жасауды ұсынамыз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігер Дорит Ницзан вирустың әлі де тарап жатқанын, еш босаңсудың қажеті жоғын ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.