{metadescription}
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшыларына қылмыстық іс қозғалды

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшыларына қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығына ұрлық фактісіне қатысты тергеу жариялады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде