{metadescription}
Түркістан облысында карантин және шектеу шаралары ұзартылды

Түркістан облысында карантин және шектеу шаралары ұзартылды

Түркістан облысының аумағында облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен карантин және шектеу ic-шаралары 19 шілдеден бастап ұзартылды.

«Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу ic-шаралары 2020 жылғы 19 шілде сағат 00.00-ден бастап коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - делінген облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Нұрбек Нышановтың 17 шілдедегі №28 қаулысында.

Облыс аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалды. Кинотеатр, түнгі клуб, спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клубы, караоке, бильярд, боулинг орталықтары да жұмыс істемейді.

Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. Облыс аумағында маска кию тәpтiбi сакталады. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, сенбі-жексенбі күндері тоқтатылады. Бұған дейін демалыс күндері бұл базарлар сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істеп келді.

Азық-түлік емес базарларының жұмысы (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелсе, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жабық. Қоғамдық көлік (автобус, шағын автобустар) сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Автобусты толымдылығы 50%-ға дейін шектеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде