Алматыда карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады
Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
13:39 18.07.2020
«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуіне, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда, қозғалыс шектеледі.
Осыған қарай, Алматы қаласының полициясы сіздерді бағыттарыңызды алдын-ала түзетіп, тауда шығуды оның ішінде жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!