{metadescription}
Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел өмірден озды

Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел өмірден озды

Жазушы, қоғам қайраткері, "Ақыл қалта" кітабының авторы Мырзагелді Кемел қайтыс болды. 

Мырзагелді Кемелдің қайтыс болғанын Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Мырзагелді Кемел 1949 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығын тамамдаған.

"Дүние" және "Экология и устойчивое развитие" журналдарын шығаруға. "Абзалдық әліппесі", "Өзіме сабақ" сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған. 2004 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде