{metadescription}
Ғимарат құлап,  үш адам мерт болды

Ғимарат құлап, үш адам мерт болды

Пәкістанда ғимарат құлап,  үш адам мерт болған, 19-ы үйінді астында қалды.

Жұма күні Пәкістанда Азад Кашмир штатындағы Мирпур округінде салтанат сарайының ғимараты опырыла құлаған, деп хабарлайды Geo.tv телеарнасы. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, үйінді астында қалған 19 жұмысшы құтқарылды.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға кезінде 50-ден астам жұмысшы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып жатқан. Мерт болғандар арасында ғимараттың иесі мен оның ұлы болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде