{metadescription}
Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

19 шілдеден жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды.

Олар жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшылары үшін өтінім береді.

"Қол астындағы қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер үшін (заңды және жеке тұлғалар) өтінім қабылдау 19 шілдеде сағат 10.00-де eGov.kz және 42500.enbek.kz порталдарында басталды", - делінген 42500.enbek.kz сайтында.

Бұл жолы әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарнасының төленгенін растау талап етілмейді. Еңбекақысы сақталмаған еңбек демалысындағы қызметкерлер тізімін және олардың Қағидалар талаптарына сәйкестігін жұмыс беруші белгілейді. Жұмыс беруші Қағидалар талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясының жергілікті органына жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар, өтініш берілгеннен кейін аудандық (қалалық) штаб жұмыс беруші қызметінің шын мәнінде шектелгеніне тексеру жүргізеді. Егер 42 500 теңге табысынан айырылмаған қызметкерге төленсе, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры компания басшылығын сотқа беруге құқылы. Өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.