{metadescription}
Қызылордада полицейлер мен тұрғындардың арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды

Қызылордада полицейлер мен тұрғындардың арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында полиция қызметкерлерінің тұрғындарды күштеп қызметтік көліктеріне отырғызбақ болғаны түсірілген видео пайда болды.

Видеоны жариялаған автор Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықовадан жауап алуға тырысты.

"Ал Гүлшара Әбдіхалықова енді мынаған не дер екенсің, мынау Қызылорда қаласында болып жатыр ғой, солтүстік жағалауда тұратын қарапайым халықты полиция сүйрелеп жатыр. Анау кішкентай баланы талып қалса да малша сүйреді. Осындай масқараның арасында неге әкім болып отырсың? Полиция болса болды сүйреу керек пе? Видеоға қарасаң бір түсініспеушілік бар", - деп жазды жазба авторы. 

Сонымен қатар, осы жағдайға қатысты қала әкімінен, департамент басшысынан, облыс әкімінен жауап күтетінін жеткізді. Видеоға қатысты Қызылорда қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

"18 шілдеде Қызылорда қалалық полиция басқармасына сол жақ жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде төбелес болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Хабарлама бойынша тексеру барысында екі кәмелетке толмағанның төбелескені анықталды. Сол жерде олардың заңды өкілдері полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жанжал шығарған. Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667 - бабымен (билік өкіліне бағынбаушылық) әкімшілік хаттама рәсімделді . Сонымен қатар , қоғамдық орында былапыт сөйлеген кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 - бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген полицияның хабарламасында.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіхалықова аймақтарға сапары кезінде жолдың жабылғаны үшін сынға қалған еді, кейін ол жағдайға түсініктеме берді.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде