{metadescription}
Алматыда перзентханадан өрт шықты

Алматыда перзентханадан өрт шықты

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөлімінде өрттің алдын алды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 21.47-де "101" пультіне Сейфуллин даңғылы, 492 бойындағы №1 перзентхананың балалар реанимациясы бөлімшесінде өрт болғаны туралы хабар келіп түскен. Осылайша жоғары шақырту нөмірі бойынша ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

"Сол түні кезекшілік атқарған ауысым уақыт жоғалтпай, байбаламсыз іс-қимылға көшті. Акушер-гинеколог Перизат Садықова, балалар медбикасы Арайлым Жиделиева және басқа медицина қызметкерлері жансақтау бөлімінде жатқан сегіз сәбиді қауіпсіз аймаққа эвакуациялады", - деп мәлімдеді ТЖД-дан.

Дәрігерлердің бірі Виталий Грушевский ұнтақты өрт сөндіргіштің көмегімен электр сымдарының өртенуіне жол бермеді.

"Персонал меңгерген дағдылар өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтауға мүмкіндік берді", - деді ведомстводан.

Алматы ТЖД перзентхана басшылығы мен дәрігерлерге қырағылығы және кәсібилігі үшін алғыс айтты. Өртті сөндіруге қатысқандардың барлығы марапатқа ұсынылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде