{metadescription}
Елордада 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынды

Елордада 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин аяқталғанға дейін қалада 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынды.

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында айтылған.

"Нұр-Сұлтан қаласында сағат 23.00-ден кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына жаяу жүруге тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа қоғамдық орындарда жүруі шектеліп отыр. 19 шілдеден 2 тамызға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларына, форумдарға, конференцияларға, семинарларға, кездесулерге тыйым салынады.

"Үш адамнан көп емес немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарды ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда суға түсуге тыйым салу", - делінген құжатта.

Қаулы 2020 жылғы 19 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде